Қазақстан Халық партиясы «Дара Тұлға» атты мәдени-ағартушылық акциясын жалғастыруда. Акция аясында өңірлерде мәдениет қайраткерлерімен және белгілі азаматтармен кездесулер, сондай-ақ мұражайларға экскурсия, кітапханаларды аралау және т.б. іс-шаралар жоспарланған.
ҚХП Қостанай облыстық филиалының өкілдері Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжі студенттеріне Ұлы Отан соғысының ардагері, «Освенцим» лагерінің тұтқыны Леонид Дьячковпен және «Боевое братство» ҚБ интернационалист жауынгерлерімен кездесу ұйымдастырды.
Биыл Леонид Васильевич ДЯЧКОВ 96 жасқа келді. Ардагердің кителі тағылған наградалардан ауыр тартып тұр. Ардагердің өмір жолы одан да ауыр болған. Сұрапыл соғыс, концлагерге тұтқынға түсу, майдан сызығын кесіп өту, көптен күткен Жеңіс, әскери училище және қызмет, содан кейін күйреген елді қалпына келтіру, тың игеру, 90-шы жылдар... Оның жастарға айтатыны көп. Ең қиын жылдарда Ауғанстанда қызмет еткен интернационалист жауынгерлердің де әңгімесі таусылмақ емес. Кездесуде көптеген әңгіме-естеліктер айтылып, балалар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
– Аталған іс-шараның мақсаты - жастардың бойында патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік, ұлттық құндылықтар мен тарихқа құрмет көрсету, азаматтық жауапкершілік қасиеттерін тәрбиелеу, - деп атап өтті іс-шараны ұйымдастырушылар.
«Дара Тұлға» акциясын Қазақстан Халық партиясы республиканың барлық өңірлерінде өткізеді.