Ардагерлерді ұлықтау

Қазақстан Халық партиясы «Партияның алтын қоры» атты жаңа акция бастады. Ол көп жылдар бойы партияның бастамалары мен саясатын қолдап келе жатқан партия ардагерлеріне арналған. Акция аясында елге еңбек сіңірген партия мүшелерінің жаңа ұрпақпен кездесуі, тәжірибе бөлісуі жоспарланған.

ҚХП Қарағанды облыстық филиалы 1938 жылы дүниеге келген, партия ардагері Лидия Близнюченкомен кездесу ұйымдастырды. Бұл белсенді әйел партия алғаш құрылып жатқан сонау 2004 жылдан бері партия қатарында болып, 2020 жылғы ребрендингтен кейін де партия сапын тастап кетпеген жан. Жасының ұлғайғанына қарамастан Лидия Близнюченко әлі күнге қала мен филиалдың қоғамдық өміріне белсене қатысады.

1

2

Кездесу Татьяна Кравченко басшылық ететін "Үміт ұшқыны" мүгедектер мен балаларға көмек көрсету орталығы "ҚБ қызметкерлері өткізген «Әкелер күнін» атап өтумен біріктірілді. Бұл Орталық 20 жылдан астам уақыт бойы ерекше мұқтаж балалары бар отбасыларға қолдау көрсетіп келеді, мұқтаж жандарға атаулы көмек көрсетеді, балалар шығармашылығының көрмелерін, қайырымдылық акцияларын және т.б. өткізеді. Мұнда дамушы үйірмелер, бейнелеу өнері студиясы, компьютерлік сауаттылық курстары және т.б. жұмыс істейді. Бұл жолы мерекеге орай балалар мен әкелерге арналған спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Жарыс қорытындысы бойынша ҚХП ардагері Лидия Близнюченко қатысушыларға сыйлықтар мен грамоталар тапсырды.

8

ҚХП Атырау облыстық филиалында да партия ардагерлерімен қатар әйелдер мен жастар қанатының жетекшілеріне, бастауыш партия ұйымдарының басшылары мен белсенділерге құрмет көрсетілді. Ерекше еңбегі мен азаматтық ұстанымы үшін олар естелік сыйлықтармен, Алғыс хаттармен марапатталды.

4

5

Осындай мереке ҚХП Ұлытау облыстық филиалында да өтті. Мұнда да белсенділерге сыйлықтар мен Алғыс хаттар табыс етілді.

7

– Біздің «алтын қорымыз» - партияның дамуына, оның халық игілігі жолындағы жұмысына және жас ұрпақ тәрбиесіне өлшеусіз еңбек еткен біздің пікірлестеріміз, - деп атап өтті ұйымдастырушылар.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy