
Құрылыс кодексіне құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған нормаларды енгізу ұсынылды. Бұл бастаманы «ҚХП фракциясының жетекшісі, Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов көтерді.
Депутаттың айтуынша, криминологияда «архитектуралық» немесе «қалалық құрылыстық» құқық бұзушылықтардың алдын алу деген түсінік бар.
– Бұл дегеніміз, ғимараттар, көшелер мен қоғамдық кеңістіктердің жобалануы мен құрылысында қылмыстың алдын алу немесе оның болу мүмкіндігін азайту мақсаттары ескеріледі. Еуропа, Азия және Солтүстік Американың көптеген елдерінде мұндай тәсіл кеңінен қолданылады. Ол қылмыс жасау себептерін толығымен жоя алмаса да, олардың санын азайтуға әсер етеді, - деді Магеррамов.
Мәжілісменнің сөзінше, шетелдерде мұндай құрылыс принциптерін ескере отырып жаңа аудандар салуды ғана емес, ескі аймақтарды қайта құруды көздейтін мемлекеттік бағдарламалар бар. Сонымен қатар, заманауи цифрлық технологиялар мен полицияның ғимараттар мен аудандарды жобалауға қатысты ұсынымдары белсенді қолданылады.
– Қазір біз Құрылыс кодексін қарастырып жатырмыз, бәлкім мұндай тәсілді кодекске енгізу қажет шығар? – деп пікір білдірді депутат.
@halyk_partiyasy