Қарқынды жұмыс жалғасуда

Қазақстан Халық партиясы өңірлерде партияның ішкі құрылымын нығайту жұмыстарын жалғастыруда. Партия мүшелері осы мақсатта іс-шаралар өткізіп, жергілікті өкілдіктердің дамуын талқылап, жаңа мүшелерге партиялық билет табыстау шарасын өткізіп келеді.

ҚХП Іле аудандық филиалында аудандық өкілдіктердің дөңгелек үстелі өтті. Іс-шара бірлескен жұмыс пен стратегиялық даму мәселелеріне арналды. Жиынға Іле, Қарасай, Жамбыл аудандарының партия мүшелері, сондай-ақ белсенділер мен партия жақтастары қатысты. Олар аудандар арасындағы ынтымақтастықты нығайту, бірлескен бастамалар мен жобаларды іске асыру, жалпы партиялық міндеттерді орындаудағы алдағы қадамдарды талқылады.

1

2

3

Шаңтөбе кентінде ҚХП-ның жаңа мүшелеріне партия билеті салтанатты түрде табысталды. Салтанатты жиынға ҚХП Орталық аппаратының өкілдері Нұрдәулет Оразханов пен Анар Дүкенбаева қатысты.

4

– Біз «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында партия қатарын еңбек ұжымдарының өкілдері толықтырып жатқанына деп қуаныштымыз. Дәл осы жұмысшылар – ел экономикасы мен әлеуметтік әл-ауқатының негізі! Бұл оқиға – біздің партияның ел болашағына бей-жай қарамайтын азаматтарды біріктіретінінің тағы бір дәлелі! – деді Нұрдаәулет Оразханов.

5

ҚХП Жылыой ауданы Құлсары қаласындағы өкілдігінде де жаңа партия мүшелеріне билеттер табысталды. Салтанатты рәсімге Атырау облыстық филиалының төрағасы Балжан Досмұхамбетова қатысты.

Сондай-ақ, осы жерде партия мүшелері азаматтарды қоғамдық қабылдау өткізіп, Жылыой ауданының Қоғамдық кеңесіне кандидатты анықтау мақсатында отырыс өткізді. Осыған ұқсас шара Атырау қаласындағы ҚХП филиалында да өтті. Сонымен қатар, партия өкілдері алдағы жоспарларды талқылап, жұмысты ұйымдастыру тәртібін қарастырды. Талқылауға партия белсенділері мен ақсақалдары қатысты.

6

7

8


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy