Ғарышкер рухына тағзым

dep.jpeg

Қазақстан Халық партиясы 75 жасқа қараған шағында дүниеден өткен Халық қаһарманы, ғарышкер Талғат Мұсабаевтың отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтады.

Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев — еліміздің мақтанышы, аты аңызға айналған тұлға. Ғарыш саласында қызмет ете жүріп, Тәуелсіз Қазақстанның атын бірнеше мәрте бүкіл әлемге танытты. Ол – техника ғылымдарының докторы, академик, азаматтық авиацияның әуе қатынастары отрядында радио жабдықтау инженері, ұшқыштар құрамының орынбасары, зерттеуші-ғарышкер, «Союз ТМ-19» ғарыш кемесінің ЭО-16 экспедициясы экипажының бортинженері болып қызмет атқарып, ел тарихында өшпес із қалдырды.

Ғарышкерлік қызметінен кейін де өзінің азаматтық ұстанымына берік болған Талғат Амангелдіұлы қоғамдық өмірге белсене араласты. Ол Білім және ғылым министрлігіне қарасты Аэроғарыш комитетін басқарды, Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы болды, Инвестициялар және даму министрлігі жанындағы Аэроғарыш комитетін басқарды, сондай-ақ Сенат депутаты ретінде ел дамуына өз үлесін қосты.

Талғат Амангелдіұлының жарқын бейнесі мен елге сіңірген еңбегі халық жадында мәңгі сақталады.

Қазақстан Халық партиясы


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy