Астанада АЭС құрылысына қатысты референдумға дайындық қызу жүріп жатыр

Елордада АЭС салуды қолдау жөніндегі Астана қалалық штабының отырысы өтті. Шараға саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Штаб мүшелері Астанада мұғалімдермен, медицина қызметкерлерімен, түрлі еңбек ұжымдарымен, кәсіпкерлермен және қала тұрғындарымен 200-ге жуық кездесу өткізіп, ауқымды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

1

Сонымен қатар ол түсіндіру жұмыстарымен және іс-шаралар арқылы астаналықтарды барынша қамтып, дауыс беру күні референдумға азаматтардың жаппай қатысуын қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

Акция аясында калалық Халықтық штабтың мүшелері «Паралимпиадалық жаттықтыру орталығы» қоғамдық қорының ұжымымен кездесті.

2

Отырыста АЭС жобасын қолдаудың негізгі мәселелері талқыланды. Атап айтқанда: елдегі энергия тапшылығы және энергия импортына тәуелділік, атом электр станцияларының басқа көздермен салыстырғандағы артықшылықтары, «жасыл» энергетиканы дамыту қажеттілігі, стратегиялық нысанды кадрлармен қамтамасыз ету және заманауи ядролық реакторлардың қауіпсіздігі туралы айтылды.

Спикерлер сөз сөйлегеннен кейін қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Жиын соңында қатысушылардың барлығы Қазақстан Республикасындағы атом электр станциясының құрылысы бойынша 6 қазанда өтетін республикалық референдумға шақырылды.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy