Атом электр станциясы – еліміздің табысты дамуының кепілі

Атом электр станциясын салудың Қазақстан үшін маңызы туралы халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу жалғасуда. АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың мүшесі Жәнібек Исаев Жуалы ауданы, Көлтоған ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Ауыл тұрғындарымен болған жүздесуде электр қуатының тапшылығын жою үшін АЭС салудың маңызы айтылды.

– Атом электр станциясын салу арқылы энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткіземіз. Бейбіт атом энергетикасының әлеуетін пайдалану ұлттық экономиканың жаңа жоғары технологиялық секторын құруға да мүмкіндік береді, - деп атап өтті спикер.

1

Кездесу барысында Жәнібек Исаев атом электр станциялары қауіпсіз әрі экологиялық таза энергия көзін өндіретінін атап өтті.

«Болашақта атом энергиясы Қазақстан үшін негізгі қуат көзіне айналып, энергетикалық жүйенің тұрақты дамуына үлес қосады», - деді Халықтық штабтың мүшесі.

АЭС салудың қажеттілігін негіздеу үшін бірқатар дәлелдер келтірілді. Қазақстан уранға бай, сәйкесінше, ядролық энергетиканың озық технологиялары елімізді электр энергиясы импортына тәуелділіктен құтқарады. Сонымен қатар, атом электр станциялары экологиялық жағдайды жақсару үшін де маңызды.

Ауыл тұрғындары ақпараттық баяндаманы мұқият тыңдап, сұрақтарын қойып, жауаптарын алды. Жиын соңында ауыл тұрғындары берілген ақпараттар үшін алғыс білдірді. Ал Халықтық штабтың өкілі референдумға қатысу – әр азаматтың ел болашағына қосқан үлесі екенін атап өтті.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy