Атом электр станциясы – энергетикалық тәуелсіздік кепілі!

Ақмола және Атырау облыстарында АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб өкілдерінің халықпен кездесулері өтті. Талқылау республиканың энергетика саласын дамыту және еліміздегі алғашқы атом электр станциясын салу мәселелеріне арналды.

Халық штаб құрамына еліміздегі 6 саяси партия мен 20 республикалық қоғамдық бірлестіктің 250-ден астам өкілі бірікті. Қазақстан Халық партиясы штабтын белсенді қатысушылардың бірі. ҚХП төрағасы Ермұхамет Ертісбаев республикалық филиалдың құрамына енсе, ал ҚХП-ның өңірлердегі филиалдарының өкілдері жергілікті жерлерде құрылған штабтың мүшесі атанды. Олардың міндеті – халық арасында ауқымды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, азаматтарды АЭС салу идеясын қолдап дауыс беруге шақыру.

Ақмола облысында кездесу Красный Яр ауылындағы Көкше мәдениет үйінде өтті. Шараның негізгі аудиториясы мәдениет қызметкерлері болды.

1

– Атом электр станциясын салу – Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігі мен тұрақты дамуының кепілі! – деді талқылау барысында ҚХП Ақмола облыстық филиалының басшысы, жергілікті штабтың өкілі Арман Тастамбеков.

Шара барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Кездесудің нәтижесінде азаматтар АЭС салу бастамасын мақұлдады.

1

Осындай кездесу Атырау облысында да өтіп, партия мүшелері мен өзге де штаб өкілдері Қ.Дүтбаева атындағы педагогикалық колледж ұжымымен жүздесті.

2

Атом электр станциясына қатысты түпкілікті шешімді Қазақстан халқы 6 қазанда өтетін жалпыхалықтық референдумда қабылдайды.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy