Атом электр станциясы – гүлденген болашақтың кепілі

Мәжіліс депутаты, ҚХП парламенттік фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамов Солтүстік Қазақстан облысында жұмыс сапарымен жүр. Мәжілісмен атом электр станциясын салу жөніндегі Халықтық штабтың қызметі аясында өңірде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Депутаттың халықпен кездесуі кезіндегі басты міндеті – елімізге АЭС қаншалықты қажет екенін түсіндіру және сайлаушыларды бұл мәселенің оң шешімін табуы үшін жалпыхалықтық референдумда дауыс беруге шақыру. Осылайша, «Бескөл мектеп-колледжі» ЖШС еңбек ұжымымен кездесуінде Магеррамов қазақстандық энергетика саласындағы жағдай күрделі екенін айтты.

1

5

— Қазақстанда жыл өткен сайын энергия тапшылығы мәселесі артып келеді. Кеңес заманында салынған жылу электр станцияларынығ 80%-ы тозған. Сәйкесінше елді қажетті энергия көзімен толық қамтамасыз ете алмайды, – деп атап өтті ол.

2

Мәжілісмен Новокаменка ауылындағы мектеп мұғалімдерімен кездесуінде АЭС республикаға тек энергетика саласын ғана емес, ғылымды, агроөнеркәсіп кешенін және тағы басқа салаларды дамытуға мүмкіндік беретінін баса айтты. Сонымен қатар Магеррамов Боголюбово ауылындағы мәдениет үйі қызметкерлерінің қатысуымен өткен шарада да сөз сөйледі. Ол кездесуде еліміздегі энергетикалық инфрақұрылым саласының жағдайы көңіл көншітпейтінін атап өтті.

– Егер біз қазір атом электр стансасын салу туралы шешім қабылдамасақ, келешекте орны толмас қиыншылықтарға тап боламыз, – деп түсіндірді ол.

Корнеевка ауылындағы «Азия-Тарангүл» ЖШС және «Атамекен Азия» ЖШС сүт-тауарлы фермаларының жұмысшыларымен өткен кездесуде депутат АЭС салу ұлттық қауіпсіздік мәселесіне де әсер ететінін айтты.

4

– Біздің электр қуаты бойынша импортқа тәуелділігіміз артып келеді, - деп еске салды ол.

8

6

Сонымен қатар, Магеррамов Явленка ауылындағы орталық аудандық аурухана қызметкерлерімен, Келлеровка ауылының тұрғындарымен, «BIoOperations» ЖШС кәсіпорнының жұмысшыларымен және «Тайынша Элеватор» жұмысшыларымен кездесті.

– Біз балаларымыз бен немерелеріміздің болашағы атом энергетикасының дамуына тікелей байланысты екенін түсінуіміз керек, - деп түйіндеді сөзін депутат.

7


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy