Батыс Қазақстан облысында АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб өкілдері қазақстандықтарды дамуға бағыттайтын маңызды қадамнан қорықпауға шақырды. Отандық атом энергетикасын дамыту науқанына ҚХП жергілікті филиалының өкілдері белсене қатысуда.
ҚазИТУ оқу кешенінің аймақтық байланыс орталығында штаб белсенділері тақырыптық дөңгелек үстел өткізді. Жиын барысында студенттер және университет оқытушыларымен бірге атом электр станцияларының артықшылықтары талқыланды. Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының академигі, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің президенті Ақсерік Әйтімов өзге спикерлермен бірге ядролық жобаларды қорғау шараларын қамтамасыз ету үшін қолданылатын заманауи технологиялар туралы айтты.
«Атом электр станцияларын салу қауіпсіз. Қорқатын ештеңе жоқ. Ал жобаны жүзеге асыру мыңдаған жаңа жұмыс орынын ашуға ықпал етіп, өңірдің дамуына септігін тигізеді», - деді академик.
БҚО бойынша ҚХП филиалының төрағасы Борис Лаврентьев те бұл пікірге қоысылып, шараға қатысушыларды республикалық референдумда міндетті түрде дауыс беруге шақырды.
Оралда Халықтық штаб мүшелері, оның ішінде, қоғамдық ұйым өкілдері, тәуелсіз сарапшылар мен экологтар және ҚХП өкілдері білім саласы қызметкерлерімен кездесіп, ақпараттық шаралар өткізді. Спикерлер мұғалімдерге атом энергиясының тиімді әрі арзан екенін айтып, басқа да артықшылықтары жөнінде баяндады. Ал оралдық ұстаздар өз кезегінде талқыланып жатқан бастамаға барынша қолдау білдірді.
Сондай-ақ БҚО Халықтық штабының өкілдері. М.Өтемісов атындағы университет ғалымдарымен бірге «Арба» қоғамдық бірлестігінің мүшелерімен жүздесті. Ғалымдар АЭС жобасын жүзеге асыру республиканы электр энергиясының импортына тәуелділіктен құтқарып, энергетикалық егемендікке қол жеткізуге ықпал ететіне сенімді дәлелдер келтіріп өтті.