Халықтық штаб мүшелерінің жүргізіп жатқан үгіт-насихат жұмыстарының арқасында халық арасында АЭС жобасына қтысты күмән сейіліп, оны салу еліміз үшін маңызды екеніне сеніммен қарай бастады.
Жетісу өңіріндегі Халықтық штабтың мүшесі Олжас Ибраимов Талдықорған қаласындағы №25 орта мектеп ұжымымен кездесіп, АЭС жобасы бойынша түсіндіру жұмысын өткізді. Ол алдағы республикалық референдумның мән-мазмұнына кеңінен тоқталып, ел болашағына елеулі ықпал ететін шешім қабылдауға әрбір азаматтың қатысуы маңызды екеніне тоқталды.
Кездесу барысында қатысушылар атом электр станциясының қауіпсіздігі, оның қоршаған ортаға тигізуі мүмкін әсері, сондай-ақ Балқаш көлінің экожүйесіне ықпалы туралы сұрақтарды белсене қойды.
«2021 жылы Балқаш көлінің шығыс бөлігінде су бетінен булану 18,9 км³ құрады. Вендорлардың мәліметінше, екі блокты атом электр станциясын пайдалану кезінде өтелмейтін су шығыны (булану) жылына шамамен 63 млн м³ құрайды, бұл Балқаш көлінің булануының 0,32%-ына тең», - деп түсіндірді спикер.
Олжас Ибраимов АЭС-тің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданатын шараларды егжей-тегжейлі түсіндіріп, барлық сұраққа жауап берді. Ол сондай-ақ экологиялық әсерді азайту үшін қолданылатын заманауи технологиялар туралы және АЭС жобасы елдегі электр тапшылығы мәселесін шешуге қалай ықпал ететіні жөнінде айтып берді. Жиын соңында қатысушыларды 6 қазанда өтетін жалпыхалықтық референдумға қатысуға шақырды.