Атом электр станциясы – отандық энергетика жүйесінің жаңа дәуірі

dep.jpg

«Білім – күш!» ұраны қашан да өзектілігін жоғалтқан емес. Осы ретте АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелері елдің әрбір азаматына дұрыс ақпаратты жеткізуге тырысуда. Себебі, Қазақстан үшін мұндай тағдыршешті мәселеде соңғы шешімді демократиялық жолмен ғана қабылдауға тиіспіз.

Ұлытау облыстық Халықтық штабының мүшелері үгіт-насихат жұмыстары барысында Жезқазған қаласындағы мамандандырылған олимпиадалық резерв балалар-жасөспірімдер мектеп-интернатының ұжымымен кездесті.

Жиында АЭС-тің өзге энергия көздерімен салыстырғанда экономикалық тұрғыда тиімді жақтары, қоршаған ортаға зиянсыз екені, елдегі атом өнеркәсібі бойынша ғылым мен техниканың дамуына мүмкіндік беретіні егжей-тегжейлі түсіндірілді.

– Елімізде жаңа буын атом электр станциясы салынады! Ал бұл Қазақстан индустриясының дамуы жолындағы үлкен серпіліс, – деп атап өтті спикерлер.

Кездесуде елімізде АЭС салу қаншалықты қажет екені туралы сұрақтар қойылып, түрлі пікір айтылып, қызу талқыланды.

Штаб мүшелері қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап беріп, жаттықтырушылар командасын 6 қазанда өтетін референдумға қатысуға шақырды.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy