«Атом электр станциясының құрылысы» отандық медиадағы ең танымал тақырып

dep.jpg

Отандық БАҚ-қа жүргізілген талдау нәтижелері қазір АЭС құрылысы тақырыбы өте өзекті екенін көрсетеді.

«Қазақстанның интернет-қауымдастығы» mediametrics.kz сервисінің мониторингі нәтижесіне сүйенсек, республикадағы барлық жаңалықтың 30 пайызы АЭС құрылысы тақырыбына арналған. Мұндай қызықты мәліметтерді Almaty.tv арнасына берген сұхбатта аталған қауымдастықтың басшысы Шавкат Сабиров мәлімдеді.

Апталық мониторингті жүргізу кезінде «атом электр станциясы», «энергия тапшылығы», «ядролық энергия», «бейбіт атом», «ядролық реактор», «референдум» және т.б кілт сөздер қолданылған. Әр 5 секунд сайын 1500-ден астам онлайн БАҚ-тан мәлімет түсіп отырған.

«... Мониторинг нәтижесінде желілік БАҚ-та 3 мыңнан астам жарияланым тіркелді, оның 80%-ға жуығы бейтарап, 18%-ы оң, қалғаны (2%) теріс. Әлеуметтік желілерде көрсеткіш бұдан жоғары болды. Аталған кілт сөздер 80 мыңнан астам материалда кездесті, оның 82% бейтарап, 16% оң және 2% теріс болды...», - делінген зерттеуде.

Жиі талқыланған тақырыптар электр энергиясының тапшылығы, атом электр станцияларының сенімділігі мен пайдалану қауіпсіздігі және Қазақстандағы атом энергетикасын дамыту перспективалары мәселелеріне қатысты болды. Зерттеу нәтижесі сарапшылардың, қоғам белсенділерінің, депутаттар мен қоғамдық пікір көшбасшыларының және АЭС салуды қолдау жөніндегі Халық штабтың қызметінің белсенділігін көрсетті.

Халықтық штаб қазақстандықтар арасында белсенді түрде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп келеді. Қазақстан Халық партиясы да осы штабтың құрамына еніп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына белсене қатысуда. Сондай-ақ партия ең алдымен республика азаматтарына үндеу жасап, отандық ядролық жобаны қолдауға шақырған болатын.

«...Бізге мұра болып қалған еліміздің энергетикалық ресурсы қазіргі таңда физикалық тұрғыдан сарқылып келеді. Осы ретте мынадай маңызды сұрақтар туындайды: Біз өскелең ұрпаққа нені мұра етіп қалдырамыз?», - делінген үндеу мәтінінде.

Сонымен қатар, ҚР Парламенті Мәжілісі мен Мәслихат депутаттары, сондай-ақ өңірлердегі партия филиалдарының өкілдері атом электр станцияларының құрылысына арналған түрлі кездесулер, дөңгелек үстелдер мен ақпараттық іс-шаралар өткізді.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy