Атом электр станциясы – ел үшін пайдасы мол жоба

Таразда атом электр станциясын салу бойынша үгіт-насихат науқаны қызу жүріп жатыр. Халықтық штаб өкілдері тұрғындармен кездесулер өткізіп, аталмыш энергетикалық жобаны жүзеге асырудың қажеттілігін түсіндіруде.

АЭС салуды қолдау жөніндегі өңірлік Халықтық штабтың мүшесі Жанат Бастаубаева Тараз қаласындағы №24 мектеп-гимназия ұжымымен және жақын маңдағы аудандардың тұрғындарымен кездесті.

1

Ақпараттық жиын аясында атом энергетикасының еліміз үшін берер пайдасы мен келешегі қарастырылды.

– Әлемнің жетекші елдерінің тәжірибесі атом электр станцияларының тиімді әрі қауіпсіз екенін дәлелдеді. Бүгінде еліміз энергия тапшылығын бастан кешіріп, оны көршілес елдерден импорттауға мәжбүр болып отыр, - деп атап өтті спикер өз сөзінде.

Өз кезегінде маңызды тақырыпқа шынайы қызығушылық танытқан тыңдаушылар көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, пікір білдірді.

Сөз соңында халықтық штаб өкілі жалпыхалықтық референдумның мыңызына тоқталып, АЭС құрылысын қолдауға шақырды.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy