Баймырза Омаров пен Болат Тауасаров Шымкент қалалық Халықтық штабтың мүшелерімен бірге А.Назарбеков атындағы №87 орта мектеп ұжымымен кездесу өткізді.
Педагогикалық ұжым алдында сөз сөйлеген спикерлер атом электр станциясына қатысты барлық маңызды ақпаратты жан-жақты түсіндірді.
«Атом электр станциялары елді ұзақ мерзімді, тұрақты әрі қауіпсіз электрмен энергиясымен жабдықтауды қамтамасыз етеді. Бұл әсіресе мектептердің, аурухана мен емханалардың, өнеркәсіптік жабдықтардың және электр қуатымен жұмыс істейтін тағы да басқа нысандардың жүйелі жұмыс істеуі үшін маңызды», - деп атап өтті спикерлер.
Ақпараттық жұмыстан кейін тыңдаушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылды, халықтық штаб мүшелері қойылған сұрақтардың барлығына жауап беріп, талқылауға қызығушылық танытып, белсенді қатысқаны үшін азаматтарға алғыс білдірді.
Штаб өкілдері барша қатысушыны 6 қазанда өтетін атом электр станциясына қатысты референдумға қатысуға шақырды.