Атырау облыстық Халықтық штаб өкілдері «Атырау жарық» АҚ ұжымымен кездесті.
Кездесуде АЭС салудың пайдасы, энергетикалық тәуелсіздік, қоршаған ортаға тигізетін зардапты азайту сияқты маңызды мәселелер талқыланды.
Сонымен қатар штаб мүшелері «Спецавтобаза» ЖШС ұжымымен жүздесіп, үгіт-насихат жұмысын жүргізді.
«Атом электр станциясы басқа балама көздерге (жел генераторлары, күн панельдері) қарағанда көбірек энергия өндіруге қауқарлы және көмір жағатын, тозығы жеткен электр станцияларына қарағанда экологиялық тұрғыда әлдеқайда таза және тиімдірек», - деп нақтылады спикерлер.
Ақпараттық жұмысты қорытындылай келе, штаб мүшелері барша азаматты 6 қазанда өтетін референдумға қатысуға шақырды.
Өз кезегінде энергетиктер мен әскери қызметкерлер штаб мүшелеріне бәрін жан-жақты түсіндіріп, көкейтесті сұрақтарға жауап бергені үшін алғыс білдірді.