Аудан тұрғындарын алаңдатқан мәселе

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова сайлаушылармен кездесуге мақсатындағы жұмыс сапарын аяқтады. Сапар «Сұңқар» медициналық компаниясында өткен және ҚХП жергілікті филиалының ұйымдастыруымен Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімдігінде болған кездесулермен аяқталды.

Әкімдікте өткен кездесуде талқылаудың басты тақырыбы жергілікті тұрғындарды ерекше алаңдататын аудан құрылысының заңдылығы мәселесі болды. Сындарлы диалог жүргізу мақсатында кездесуге Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының (МСҚББ), «АлматыСу» ЖШС, «АлматыГенПлан» ЖШС өкілдері, сондай-ақ басқа да мүдделі ведомстволардың қызметкерлері шақырылды. Тараптардың пікірлері тыңдалып, қазіргі жағдай талқыланып, мәселені шешу бойынша ұсыныстар әзірленді. Мәжілісмен жағдайды өз бақылауына алды.

1

«Бәріміз үшін қала құрылысы және азаматтардың мүддесін қорғау саласындағы заңнаманы сақтау маңызды. Мәселе толық шешілгенше уәкілетті органдармен бірлескен жұмыстар жалғаса береді», - деді Смирнова.

Қазақстан Халық партиясының Алматы қалалық филиалы алдағы уақытта да қазақстандықтардың құқығын қорғап, халықпен және мемлекеттік органдармен белсенді өзара байланысты жалғастыруды көздеп отыр.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy