Аудандық мәслихаттар депутаттарының сайлауында Қазақстан Халық партиясының атынан үміткер болған үш кандидат жеңіске жетті.
8 желтоқсан күні еліміздегі 17 облыс пен республикалық маңызы бар 2 қалада барлық деңгейдегі мәслихат сайлауы өтті. Дауыс беру нәтижесінде ҚХП-ның үш өкілі депутаттық мандатқа ие болды. Олар: Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының депутаттығына сайланған Аман Адамбаев, Шығыс Қазақстан облысы Алтай аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер болған Дидар Иманбаев және Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатына депутат болып сайланған Руслан Асаубаев.
ҚХП ұжымы партия мүшелерін жеңісімен шын жүректен құттықтап, жаңадан сайланған депутаттар халық игілігі үшін партия бағдарламасын тиісті деңгейде жүзеге асырады деп сенім білдіреді! Сайлауға келіп, ҚХП ұсынған кандидаттарға дауыс берген пікірлестер мен сайлаушыларға алғыс білдіреміз!