Ауданның дамуына үлес қосу

dep.jpg

Қазақстан Халық партиясының өкілі Әмина Ғалиева Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық қоғамдық кеңесі құрамының мүшесі болып қайта сайланды. Оның жалпы тізімдегі кандидатурасын аудандық мәслихат төрағасы мақұлдады.

Әмина Ғалиева еңбек жолын Пресновка ауылындағы музыка мектебінде мұғалім қызметінен бастап, өзі 25 жылдан бері басқарып келе жатқан Өнер мектебінің жетекшісі қызметіне дейін жетті. Қызметі үшін түрлі марапат алған. ҚХП белсендісінің қоғамдық жұмыста да тәжірибесі мол. Әмина Әнуарқызы 7-шақырылымдағы аудандық мәслихаттың депутаты болып сайланып, 2022 жылы Қоғамдық кеңес құрамына енді.

Ол өз кандидатурасын ұсынудағы басты мақсаты – ауылда жұмыс істеп, туған өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсарту екенін атап өтті.

«Бізге білім мен денсаулық сақтаудың сапасы мен қолжетімдігін арттыру, спорт пен мәдениетті дамыту, ауыл көші-қонының теріс сальдосын тоқтату, білікті кадрлардың келуіне қол жеткізу керек. Бір сөзбен айтқанда, ауыл өмірін жақсартуға өз үлесімді қосқым келеді», - деді ол.

Ол аумақты көгалдандыру, жергілікті мектептерді сақтап қалу, ауылдық жерлерде жаңа мәдени-демалыс нысандарын құру, халықтың көшіп кетуіне жол бермеу сияқты мәселелерді басты міндет деп санайды.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy