Қазақстан Халық партиясы парламенттік фракциясының жетекшісі, Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің хатшысы, депутат Магеррам Магеррамов «Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету: проблемалар мен шешу жолдары» халықаралық форумына қатысты. Ол «Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі стратегиялық көзқарас» панельдік сессиясының модераторы болды.
Магеррамов өзінің құттықтау сөзінде форумда талқыланатын қауіпсіздік мәселелерінің маңыздылығын атап өтті. Оның пікірінше, елде жеткілікті құқықтық негіз құрылды, әйткенмен бірқатар олқылықтар бар. Айталық, жауапты мемлекеттік органдардың өкілеттіктерінің дұрыс бөлінбеуі себебінен қоғам ішінде сан түрлі мәселелер туындап отыр.
– Бүгінгі таңда басты мақсат – құқық бұзушылықтардың алдын алу. Ол үшін заңсыздықты болдырмау субъектілерінің сындарлы ынтымақтастығы мен ортақ жауапкершілікті қалыптастыру керек, – деп атап өтті ҚХП фракция жетекшісі. – Жан-жақты еркін пікір алмасу заманы жоғарыда аталған тәсілдерді әзірлеуге мүмкіндік беретініне сенімдімін.
Панельдік сессия барысында форумға қатысушылар Қазақстанда қауіпсіз қоғамды қалыптастыру, ведомствоаралық өзара іс-қимыл мен әріптестіктің тиімді құрылымын жолға қою жайы сөз болды. Сондай-ақ отандық полиция жүйесін трансформациялау шеңберінде жүргізіліп жатқан кадрлық өзгерістер бойынша мәселелерді талқылады.