Қауіпсіз әрі жайлы жағдайда білім алу маңызды

ҚХП-ның Абай облыстық филиалы Семей қаласындағы мектептерді тексеру қорытындысы бойынша дөңгелек үстел өткізді. Шараға қалалық білім басқармасының басшылары, облыстық мәслихат депутаттары, мектеп директорлары, ҚХП белсенділері және партияның «Жас орта» жастар қанатының өкілдері қатысты.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан Халық партиясының өңірлік филиалдары республиканың барлық аймағында «Қауіпсіз мектеп» акциясын ұйымдастырған болатын. Науқан аясында мемлекеттік органдардың өкілдері және азаматтық белсенділер бірлесе отырып, мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын тексерді.

1

Аталған акция барысында ҚХП Абай облыстық филиалының төраға Айдын Егеубаев өзінің орынбасары Ерлан Кеңеспаевпен бірге бірқатар оқу орынын аралады. Партия мүшелері мекеме директорларымен кездесіп, мектептердің оқушыларды қабылдауға қаншалықты дайын екеніне мониторинг жүргізді.

2

«Біз үшін балалардың қауіпсіз әрі жайлы жағдайда білім алуы өте маңызды», - деп атап өтті партия мүшелері.

Тексеру кезінде біршама кемшеліктер анықталды. Мәселен, кей мектептерде жөндеу жұмыстары кешіктірілсе, тағы біразында орын тапшылығы немесе мектеп психологтарының жетіспеушілігі сияқты мәселелер кездесті.

«Қауіпсіз мектеп ортасы – бұл оқушының қажеттіліктеріне негізделе отырып, толықтай қауіпсіздікті қамтамасыз ететін және қауіп-қатердің барлық түрін азайтуға бағытталған орта», - деп атап өтті шараға қатысушылар.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy