Ауру – астан!

dep.jpg

Қазақстан Халық партиясының парламенттік фракциясы Мәжілісте елдегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін көтерді. Депутаттардың айтуынша, қазақстандықтардың тамақтан улануы жиілеген, алайда соған қарамастан қауіпті екені анықталған өнімдер бұрынғыдай еш кедергісіз сатылып жатыр.

Осы тұста ҚХП фракциясының жетекшісі, мәжілісмен Магаррам Магеррамов түптеп келгенде бұл өнімдер кедергісіз сатыла беретін болса, СЭБ тарапынан тексеру жүргізу мен талапқа сай келмейтін өнімдердің тізімін құрудың мәні неде екенін сұрады.

«Бүгінде нарық жаңа, тексерілмеген тауарларға толы. Мәселен, шетелде өндірілген жүзім алдымен нарықта еркін таралып, азматтар оны сатып алды. Ал уәкілетті орган оның адам ағзасына зияны бар-жоғын содан кейін ғана тексерді», - деп атап өтті депутат.

ҚХП фракциясы азық-түлік қауіпсіздігіне жауаптылар сапаны тексерудегі салғырттығы мен азаматтарды тиісті ақпараттандырмауы салдарынан халықтың денсаулығына қауіп төндіреді деп санайды. Партия мүшелері азық-түлік өнімдерінің сапасына мемлекеттік бақылау шараларын күшейтуді, СЭБ талаптарына сәйкес келмейтін өнімдер туралы халықты қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында ай сайын жаппай жұмыс жүргізуді және барлық мектепте, мектепке дейінгі мекемелерде, ауруханаларда және емханаларда тізімге сәйкес келмейтін өнімдердің бар-жоғын тексеруді ұсынды.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy