Ауру жандар қиналмасын деп...

dep.jpg

Өңірлерге жұмыс сапары барысында Қазақстан Халық партиясының депутаттары Ирина Смирнова мен Гаухар Танашева Алматыдағы «Домики» паллиативтік орталығында болды.

Кішкентай пациенттерге паллиативтік (ауырсынуды басатын) көмек көрсететін бұл мекеме - республикада баламасы жоқ жалғыз хоспис. Орталық балаларға да, олардың ата-аналарына да психолог қызметін, науқас балаларға дәрігерлік және реанимациялық көмек көрсетеді. Қазір хоспис бір мезгілде 16 баланы қабылдай алады. Бірақ анағұрлым көп жас науқастар паллиативті талап етеді, олардың саны елде шамамен 6000.

Мемлекет орталыққа ешқандай қаржылық қолдау көрсетпейді, ол тек демеушілер есебінен ғана өмір сүріп отыр. Ақша үй-жайларды жалға алуға, хоспис қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеуге, дәрі-дәрмек сатып алуға, жабдық сатып алуға және т.б. жұмсалады.

– Мен балаларға паллиативтік көмек көрсету мәселесін тереңдей зерттей бастағанда, көбінесе ол біздің азаматтар мен ұйымдардың ерікті қайырымдылық қаржаттары есебінен жүргізілетінін білдім, - деп атап өтті кездесу қорытындысы бойынша Ирина Смирнова. – Мұндай көмек параметрлерінің болмауы мемлекеттің араласпауының негізгі себебі болып отыр. Паллиативтік көмек ресми түрде тек ересектерге ғана қолданылады.

ҚХП парламенттік фракциясы бұл мәселені бұрын да көтерген болатын. Мәжілісмендер депутаттық сауалда елімізде ауырсыну синдромын тоқтататын препараттарға қолжетімділіктің шектелгенін, үйде паллиативтік көмек көрсету үшін хоспистердің, бригадалардың, тіпті балаларға арналған стационарлық паллиативтік төсектердің де жеткіліксіз екенін атап өткен еді.

– Медициналық мекемелер көмек көрсете алмағандықтан, инкурабельді кезеңдегі науқастардан құтылуға тырысады, - деді депутат. - Нәтижесінде балалар мен олардың ата-аналары өздерінің жан ауыртар азабымен өздері ғана бетпе-бет қалады.

Мәжілісмендер балаларға паллиативтік медициналық көмек көрсетуді жеке педиатриялық стандартқа бөліп, қажетті құжаттарды әзірлеуді ұсынады. Сондай-ақ олар «Денсаулық сақтау министрлігі балалар хосписіне мемлекеттік қолдау көрсетсін» деген ұсыныстарын жеткізді.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy