ҚХП Жетісу облыстық филиалының төрағасы Олжас Ибраимов пен ҚХП атынан сайланған Қаратал аудандық мәслихатының депутаты Эдик Ким Елтай ауылына барды. Партиялықтардың жергілікті тұрғындармен кездесуі ауылдық округ әкімдігінің ғимаратында өтті.
Партиялық ауыл тұрғындарына ҚХП-ның қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған бағдарламасы жөнінде және партия филиалы тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді. Елтай ауылының халқы қонақтарға өздерін алаңдатып отырған өзекті мәселелерді жеткізді.
Мұндағы ең өзекті мәселелердің бірі – ауылдың абаттандырылмауы. Жол инфрақұрылымы асфальттауды, ауыл орта мектебі жөндеуді, ал ауыл көшелері қалыпты жарықтандыруды қажет етеді. Сондай-ақ, Елтайда балаларға арналған мен спорттық демалыс алаңдары, саябақтар мен скверлер де жеткіліксіз.
«Әсіресе, жаңа Мәдениет үйін салу мәселесі шешімін таппай тұр. Бұрынғы ғимарат қауіпті деп танылып, бұзылған болатын», - деді ауыл тұрғындары.
Сондай-ақ, ауылдық округте жастармен арналған спорт кешені, балалар мен жасөспірімдерге арналған қосымша үйірмелер мен спорт секциялары қажет.