Ауыл шаруашылығын дамыту – маңызды міндет

dep.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумына қатысты. Мемлекет басшысы өз сөзінде Қазақстанның егістік және жайылымдық жер көлемі бойынша алтыншы орында тұрғанын және бидай экспорттаушы елдердің ондығына кіретінін атап өтті, сондай-ақ отандық агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың алдағы перспективаларына тоқталды.

Сонымен қатар, Президент аграрлық саланы қаржыландырудың қолжетімділігін қамтамасыз ету, АӨК индустрияландыру бойынша белсенді жұмысты жалғастыру, ауыл шаруашылығы ғылымын дамыту, селекция мен тұқым шаруашылығын жандандыру, озық технологияларды кеңінен енгізу, ауыл шаруашылығы техникасының қолжетімдігін арттыру, ауыл шаруашылығының экспорттық әлеуетін нығайту сияқты алдағы уақытта атқарылуы тиіс жұмыстардың негізгі бағыттарын белгілеп берді.

«Агроөнеркәсіптік кешен – ел экономикасының негізгі салаларының бірі», - деп атап өтті іс-шара қорытындысы бойынша ҚХП парламенттік фракциясының жетекшісі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Магеррам Магеррамов. – Бұл саланы дамыту тек азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ғана емес, еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін де өте маңызды.

Мәжілісмендер елімізде ауыл шаруашылығын, оның ішінде ең алдымен, АӨК қаржыландырудың қолжетімдігін қамтамасыз ету қажет екендігімен толықтай келіседі (партиялықтар бұған дейін бірнеше рет мамандандырылған агробанк құруды ұсынған болатын). Сондай-ақ, секторды индустрияландыру бойынша белсенді жұмысты жалғастыру қажет дегенді де қос қолдап қолдайды.

«Мемлекет пен бизнестің бірлескен күш-жігерімен біз азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, ауыл шаруашылығы өнімдерін әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті ете аламыз», - дейді Магеррамов.

ҚХП депутаты Ирина Смирнова Президенттің Тың жерлерді игерудің 70 жылдық мерейтойы туралы ерекше құрметпен атап өткеніне назар аударды.

«Бүргінде, тыңайған жерлерді игеру тарихына қатысты түрлі көзқарас бар», - деп түсіндірді мәжілісмен. – Дегенмен, бұл Қазақстанды өз елін астық және нанмен қамтамасыз етуге мүмкіндік берген үлкен оқиға! Пионерлердің қайсарлығына, табандылығына, шеберлігіне таң қаламын!.

Ал ҚХП депутаты, Мәжілістегі Аграрлық мәселелер жөніндегі комитеттің өкілі Ислам Сұңқар форум қазақстандық ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттау рәсімімен аяқталғанын атап өтті.

- Шенеуніктер мен ауыл шаруашылығы компаниялары басшыларының ғана емес, қарапайым қызметкерлердің де еңбегі бағаланды. Қойшыларға, ветеринарларға және т. б. мемлекеттік наградалар берілді. Сонымен қатар, Президент «Қазақстанның аграрлық саласының еңбек сіңірген қайраткері» мемлекеттік наградасы енгізілетінін айтты, - деді депутат.

Мәжілісменнің айтуынша, мұндай қадамдар еліміздің өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып жүрген жандарға деген құрметтің белгісі саналады.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy