Құрметті Кенжеғұл Социалұлы!

dep.jpeg

Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіз кәсіби қызметте толағай табысқа жетіп, Парламент Мәжілісінде партиямыздың абыройын асқақтатып жүрген беделді тұлғалардың бірісіз. Еңбексүйгіштігіңіз, іскерлігіңіз бен жауапкершілігіңізді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары бағалап, сізге әлеуметтік осал топтардың құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін сеніп тапсырды. Жоғары біліктілігіңіз, адамдарға деген жанашырлығыңыз бен ілтипатыңыз, сондай-ақ қоғамдағы зор беделіңіз бен белсенді азаматтық ұстанымыңыздың арқасында бұл міндетті де табысты атқарып келесіз.

Сізге зор денсаулық, мол бақыт, отбасыңызға бақ-береке тілейміз. Бастамаларыңыз жемісті болып, көтерген ұсыныстарыңыз әрдайым қолдау таба берсін.

Сіздің іскерлігіңіз бен елге деген жанашырлық ұстанымыңыз қоғамды әділетті, ізгі әрі жарқын болашаққа жетелейді деп сенеміз.

Ізгі тілекпен, Қазақстан Халық партиясының ұжымы


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy