Ауылдағы қордаланған мәселелер қалай шешіліп жатыр?

Қазақстан Халық партиясынан сайланған әкімдер мен мәслихат депутаттары өзіне қарасты аумақтардағы тұрғындардың мәселелерін шешуде ауқымды жұмыстар атқаруда. Бұл партияның жүргізіп отырған саясатының бір бөлігі.

Қызылжар ауданындағы Рощинский ауылдық округінде жергілікті тұрғындардың аудан әкімі Руслан Аитов пен аудандық мәслихат депутаты Руслан Асаубаевпен кездесуі өтті. Тараптар ауданның күнделікті тіршілігіне қатысты мәселелерді талқылады.

Ауыл тұрғындары бірінші кезекте жайылым жерлерінің, сапалы шабындық пен жем-шөптің жоқтығына шағымданды. Тұрғындардың айтуынша, осының салдарынан жеке шаруашылықтардағы мал басы азайған. Бүгінде аудан тұрғындарының 36,9 пайызының ғана қосалқы шаруашылықтары бар. Ал 1993 жылы Белое ауылында 1200 бас ірі қара болса, қазір 495-і ғана қалған.

1

«Ауыл шаруашылығы – аудан экономикасын дамытудың басты факторы. Қоғамдық жайылымдарды басқару, олардың тозуының алдын алу және мәдени жайылымдық жерлерді құру – жіті назар аударуды қажет ететін маңызды міндеттер», - деп атап өтті тұрғындар.

Сондай-ақ жергілікті тұрғындар су тарифіне қаысты наразылығын білдірді. Бүгінде оның құны – 250 теңге. Неліктен бұл мәселе бойынша қоғамдық тыңдау өткізілмегені және тариф құны қалай белгіленгені түсініксіз болып отыр. Талқылау қорытындысы бойынша қызмет көрсетуші дилермен есеп беру кездесуі және жаңа тарифті бекіту бойынша қоғамдық тыңдау өткізу жөнінде шешім қабылданды.

Тұрғындарды алаңдатқан тағы бір мәселе білім беру саласына қатысты болды. Жақында Белое ауылында жаңа мектеп салынбақ. Бүгінде құрылыс орны белгіленіп, жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Алайда, білім бөлімі қолданыстағы мектеп ғимаратын жөндеуді жоспарлап отыр.

– Осы ретте халық арасында бұл қаншалықты орынды деген сұрақ туындап отыр? – деп сұрады ауыл тұрғындары. Жиын қорытындысы бойынша Руслан Аитов ауданда жергілікті билік жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан қордаланған мәселе көп екенін атап өтті. Оның ойынша, мұндағы басты себебі – халықтың жергілікті өзін-өзі басқару процестеріне қатысу деңгейінің төмендігі. Партия мүшесі алдағы уақытта бұл жағдайды түзетуді көздеп отыр.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy