Енді ескі үлгі бойынша жұмыс істеу мүмкін емес. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзіне ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова осылайша пікір білдірді.
– Біз өзгерістер дәуірінде өмір сүруге үйреніп қалдық. Кейде бұл туралы әзілдеп те жатамыз. Алайда, біз бай мемлекетте тұратынымызды, әл-ауқатымыз негізінен мұнай сатудан түсетін табыстан келетінін ұмытып кетеміз. Дегенмен, заман өзгеріп жатыр. Мұнайды сатуда қиындықтар туындауда, - деп атап өтті Смринова.
Әлем өзгеруде, негізделген және негізсіз, табиғи және табиғи емес кедергілер пайда болуда, санкциялар енгізіліп, логистика қайта қалыптасуда, басымдықтар өзгеруде. Оның үстіне өзгерістер жекелеген елдерді ғана емес, тұтас аймақтарды қамтып жатыр.
«Ескі үлгілер бойынша жұмыс істеу енді нәтиже бермейді», - деп түйіндеді Смирнова.
Депутат сондай-ақ, мемлекет басшысы бүгін тағы да шенеуніктерді өз кірістері шегінде өмір сүруге шақырып, мұны өте қатаң форматта: «көрпеге қарай көсілетін кез келді» деп айтқанын еске салды. Бюджет тапшылығы, қаржы жетіспеушілігі Ұлттық қорға ауыз слаып, басқа елдерден қарыз алуға мәжбүрлеп отыр.
– Сондықтан инвестицияны қолдау керек. Осы жерде жұмыс ұйымдастыруға, өндіріс ашуға, т.б. іс жүргізуге мүдделі кез келген адамға қолдау көрсету қажет. Айтып қана қоймай, білекті сыбанып жұмыс істейтін кез келді!, - деп түйіндеді депутат.