ҚР Денсаулық сақтау министрлігі онкологиялық ауруға шалдыққан қазақстандықтар қажетті дәрі-дәрмексіз қалмайтынын айтып, уәде береді. Аталған мәселені облыстық басқармалар қадағалайтын болады. Бұған дейін бірнеше дәрілік препарат тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне (ТМККК) енген болатын. Алайда жергілікті жерлердегі медициналық мекемелердің көпшілігі мұндай шешімге дайын емес болып шықты.
Осы мәселені Мәжіліс депутаты, Қазақстан халық партиясы фракциясының мүшесі Ирина Смирнова көтерген еді.
– Біразға дейін онкологиялық науқастарға арналған дәрі-дәрмекті сатып алуды "Қазақстан Халқына" қоғамдық қоры жүзеге асырды. Кейін Денсаулық сақтау министрлігі бұл дәрі-дәрмектерді өз реестріне алып, "СК-Фармация" ЖШС арқылы медициналық мекемелердің өтінімдері бойынша сатып ала бастады. Сондықтан кейбір аудандар мен қалаларда бұл дәрі-дәрмектер бар, ал кейбірінде жоқ. Ал науқастар дәрі-дәрмектерді уақытылы қабылдамаса, соңы өлімге әкеп соқтырады, – деп нақтылады депутат.
Бұл жаңалық пациенттер арасында негативті реакция тудырды. Сондықтан депутат құзыретті органдарды мәселеге назар аударуға шақырды.
– Пациенттер күте алмайды! Бүтіндей аймақтар қажетті дәрі-дәрмексіз қалып отыр! Мәселені шешуде дәл қазір бастау қажет, – деп дабыл қақты Смирнова.
Ал Денсаулық сақтау министрлігі ешқандай мәселені туындамайды деп уәде беріп отыр.
– Дәрі-дәрмектерді жеткізудегі кедергілердің алдын алу үшін ведомство жаңа механизмін іске қосты. Облыстық денсаулық сақтау басқармалары мен онкологиялық орталықтар мониторинг жүргізіп отыр. Бірде-бір пациент қажетті ем-шараларсыз қалмайды, – деп түсіндірді Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері.
Қазақстан халық партиясы қазақстандық пациенттерді қажетті дәрілік заттармен қамтамасыз ету, сондай-ақ препараттардың бағасына қатысты мәселелерді бұған дейін де бірнеше рет көтерген болатын.