Аздаған уақыттан соң елде аязды күндер басталады. Соған байланысты Семейдегі №13 орта мектепте оқитын осындай санаттағы оқушыларға қысқы аяқ киім сыйға берілді. Игі шараға Абай облыстық мәслихаттың депутаты Мейірлі Кеңеспек, Семей қалалық мәслихатының депутаты Ердос Ілиясов, ҚХП жергілікті филиалының басшылығы мен «Жас орта» жастар қанатының өкілдері ат салысты.