Қазақ әдебиетінің шоқжұлдызы

Қазақстан Халық партиясы қазақтың біртуар жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің 100 жылдығына арналған «Теңдесі жоқ кемеңгер жазушы» акциясын жалғастыруда. Акция аясында Қызылорда облысында мәдени-танымдық іс-шаралар, атап айтқанда, кітап көрмелері және көркем-әдеби байқаулар өткізілуде.

Тағы бір кезекті көрме Қызылорда қаласындағы Н.Ергешбаев атындағы №172 орта мектепте ұйымдастырылды.

«Әбдіжәміл Нұрпейісов – қазақтың танымал классик жазушысы. Оның шығармашылығы ұлтымыздың мәдени мұрасының бір бөлігі. Қазақ әдебиетінің де, ХХ ғасырдағы әлем әдебиетінің де алтын қорында Әбдіжәміл Нұрпейісовтің шығармалары ерекше орын алады», - деп атап өтті партия мүшелері.

1

Көрмені ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақты отандық прозаны зерттеуге баулу. Сондықтан іс-шараның негізгі қатысушылары мектеп оқушылары болғаны кездейсоқ емес. Мектеп ұстаздары өз тарапынан оқушыларға жазушының тағдыры мен шығармашылыққа деген құштарлығын жөнінде баяндап берді. Көрме барысында Нұрпейісовтің «Курляндия», «Қан мен тер», «Соңғы парыз» және т.б ең танымал шығармалары қысқаша таныстырылды.

2

«Көрме оқырмандарға автордың ниетін тереңірек түсінуге, сондай-ақ оның шығармаларының әдебиетке, мәдениетке және қоғам дамуына қосқан үлесін бағалауға көмектеседі», - дейді ҚХП өкілдері.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy