Қазақстан Халық партиясының Алматы облыстық филиалының өкілдері Алғыс айту күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған конференцияға қатысты. «Мың алғыс саған – туған жер» тақырыбындағы іс-шара Іле ауданы, Өтеген батыр ауылында өтті.
Партия мүшелері ҚХП – Қазақстанның көпұлтты халқының мүддесін қорғайтын және қоғамдағы әлеуметтік әділдікті жақтайтын саяси ұйым екенін атап өтті.
– Біздің партия әрдайым еліміздегі ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты сақтау идеясын жақтайды, – деп мәлімдеді олар.
ҚХП өкілдерінің айтуынша, 30 жыл ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясы ауқымды жұмыстар атқарып, ел бірлігінің берік негізін қалады. Конференция аясында қатысушылар этностар арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылап, Қазақстан азаматтарының игілігі үшін әзірленіп жатқан бастамалар туралы пікір алмасты.
– Қазақстанның көпұлтты халқы – біздің басты байлығымыз! – деп қорытындылады ұйымдастырушылар.
Бұған дейін Қазақстан Халық партиясының парламенттік фракциясының жетекшісі, Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіне құрметпен қарап, алғысын білдірген еді.
– Осы отыз жыл ішінде бұл бірегей ұйым еліміздегі бірлік, тұрақтылық пен ұлтаралық келісімнің символына айналды. Бүгінгі Қазақстан – этносаралық бейбітшілік пен үйлесімділіктің үлгісі. Мұндай жетістікке жету Қазақстан халқы Ассамблеясының жүйелі жұмысының нәтижесі, - деді мәжілісмен.