Қазақстан Халық партиясы өңірлердегі әлеуетін нығайтуда

ҚХП Орталық аппараты қызметкерлерінің оңтүстік өңірлерге жұмыс сапары аяқталды. Сапар аясында партия мүшелері Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарына барды. Бірнеше ауданда партияның филиалдары ашылды.

1

2

3

4

Кеңселердің салтанатты ашылуы Сарыағаш, Келес, Байзақ, Қарасай, Талғар, Іле, Мақтаарал, Жетісу және Еңбекшіқазақ аудандарында өтті. Мұнда ҚХП қатарына қосылған азаматтарға партия билетін табыстау рәсімдері ұйымдастырылды. Сонымен қатар, өкілдіктердің басшылары аудан басшылығымен кездесулер өткізіп, одан әрі сындарлы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Сондай-ақ, көптеген аудандарда азаматтарды қоғамдық қабылдаулар өткізілді.

5

6

7

«Жаңа өкілдіктер партияның негізгі идеялары мен бастамаларын жүзеге асырудың, халықпен байланысты нығайтудың және өзекті әлеуметтік мәселелерді шешудің алаңына айналады. Біз халықпен өзара диалогты тұрақты негізде жалғастыруға ниеттіміз», - деді партиялықтар.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy