Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаевты туған күнімен құттықтаймыз!

dep.jpg

Құрметті Ермұхамет Қабиденұлы!

Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіз Қазақстанның саяси сахнасында алыстан көрінетін асқар шыңдар секілді ең көрнекті саясаткерлердің бірісіз. Сіздің бойыңыздағы кемел ақыл-ой мен тарихты терең білуіңіз, мемлекеттік және халықаралық жағдайларды тамыршыдай дөп басуыңыз жақтастарыңыз бен пікірлестеріңіздің арасында шынайы құрметке ие. Бүкіл саналы ғұмырыңызда істің мүддесін бәрінен жоғары қойып, әрқашан тиісті нәтижеге қол жеткізіп келесіз. Сіз тарихқа шенеунік, министр немесе саясаткер ретінде емес, өз Отанына адал қызмет ететін нағыз мемлекеттік қызметкер ретінде кірдіңіз.

Сіздің беделіңіз, ұйымдастырушылық дарыныңыз бен бай саяси тәжірибеңіз қазіргі күні Халық партиясының игілігі үшін толығымен қызмет етуде. Біз сіздің табандылығыңыз бен талапшылдығыңызды, адамның ішкі жан-дүниесін терең білуіңізді және қиыннан қиыстырып жол тауып, дұрыс бағытты айқындай білетін қабілетіңізді айрықша құрметтейміз. Алынбас асуларды бағындырып, өршіл мақсаттарға жету жолындағы Сіздің көшбасшылық қасиеттеріңізді күнделікті жұмыс барысында талай көріп жүрміз.

Сіз ел ертеңіне немқұрайлы қарамайтын азамат ретінде, «мемлекеттің тірегі – теңдік пен әлеуметтік жауапкершілік» идеясының белсенді жақтаушысы ретінде жаңа Қазақстанның дамуы жолында социализм идеясын табанды ілгерілетіп келесіз. Сіздің тарихты бағалауға деген диалектикалық көзқарасыңыз Қазақстан Халық партиясының даму бағыттарын айқындап, баршамыздың бойымызда істеп жатқан ісіміздің дұрыстығына деген сенім ұялатады. Сіздің елдегі барлық оқиғаларға айқын көзқарасыңыз, салиқалы сараптамаңыз бен терең талдауыңыз партияның күнделікті қызметіне күш-қуат қосып келеді.

Сіздің шебер басшылығыңыздың арқасында Қазақстан Халық партиясы еліміздің қоғамдық-саяси алаңында айтарлықтай табыстарға қол жеткізіп, азаматтардың лайықты мойындауы мен құрметіне ие болды. Қиын кезеңде біз халықтар арасындағы бауырластық байланыстарды нығайтуды жалғастырып келеміз. Біздің заңнамалық бастамаларымыз әрқашан да сайлаушылардың жүрегіне жол тауып отыр. Қарапайым қызметкер болсын, әлде кәсіпкер болсын біздің партиядан өз қорғаушысын, қолдаушысын көре алады!

Сізге мықты денсаулық, ертеңге деген нық сенім, сарқылмас қуат және жаңа саяси жеңістер мен жетістіктер тілейміз! Жан-жағыңызда тек сенімді пікірлестер мен айнымас адал достар, табанды серіктестер ғана болсын. Ал отбасыңызда тыныштық, махабат пен амандық-саулық салтанат құрсын! Сізге және Сіздің жақындарыңызға ұзақ ғұмыр, жақсылық пен бақыт тілейміз!

Қазақстан Халық партиясының ұжымы.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy