Қазақстан Марракеш шартын ратификациялады

dep.jpg

Мемлекет басшысы «Зағиптардың және көру қабілеті бұзылған немесе баспа ақпаратын қабылдау қабілеті өзгедей шектелген адамдардың жария етілген туындыларға қол жеткізуін жеңілдету туралы Марракеш шартын ратификациялау туралы» заңға қол қойды.

ҚХП-дан сайланған Мәжіліс депутаты, ҚР Президенті жанындағы Халықтың әлеуметтік осал топтары құқықтары жөніндегі омбудсмен Кенжеғұл Сейітжан бұл шешімді құптайтынын айтып, пікір білдірді.

«Бұл заңның қабылдануы еліміздегі ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін өте маңызды қадам», - деп есептейді депутат-мбудсмен.

Құжатты ратификациялау зағип және нашар көретін азаматтарға, сондай-ақ баспа ақпаратын қабылдауда басқа да шектеулері бар адамдарға баспа материалдарына оңай қол жеткізуге мүмкіндік береді.

– Мұндай шаралар барлық азаматтардың білім алуына және мәдени игіліктерді бірдей пайдалануына жағдай жасауға бағытталған. Бұл қадам Қазақстанның халықаралық-құқықтық міндеттемелеріне сәйкес келеді және елімізде инклюзивті қоғам құруға маңызды үлес қосады, – деп нақтылады К.Сейтжан.

Мәжілісмен өз тарапынан бұл конвенцияның ратификациялануына депутат ретінде өзінің де үлес қосқанына дән риза. Бұл бастаманы қолдаған әріптестеріне де алғысын білдірді.

«Біздің бірлескен жұмысымыз еліміздің дамуына елеулі үлес қосатынына сенімдімін», - деді Кенжеғұл Сейітжан.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy