Қазақстандағы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік мәселелері мен келешегі

dep.jpg

ҚХП депутаттық фракциясының басшысы Магеррам Магеррамов Қазақстандағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселесі бойынша Премьерге депутаттық сауал жолдады.

Депутат өз өтінішінде МЖӘ тиімділігін бағалау мәселелерінде мемлекеттік қызметшілерді оқытудың және ақпараттандырудың жеткіліксіздігі және түрлі тексерулерге байланысты жобалар санының күрт төмендеп кеткенін алға тарты.

Бұл жағдайелдің инвестициялық тартымдылығына, әсіресе МЖӘ жобаларын әзірлеуге кететін уақыттың азаюы тұрғысынан теріс әсер етеді, - деп атап өтті Мағеррамов.

Сөз соңында мәжілісмен шенеуніктерді неғұрлым тиімді даярлаудың және қызметтің әртүрлі салаларын қамтитын МЖӘ бағдарламаларын әзірлеудің шұғыл қажеттілігін баса айтты. Сонымен бірге МЖӘ әлеуеті әлі толық іске асырылмаған дәстүрлі секторларды қоса алғанда, осы бағдарламаларды қолдау үшін қаражатты қайта бөлудің маңыздылығына тоқталды.

Депутат коммуналдық сала немесе тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару сияқты негізгі салаларда МЖӘ жобаларының жоқтығына алаңдаушылық білдіріп, кәсіпкерлердің жолында пайда болатын жасанды әкімшілік кедергілерді және шенеуніктердің бұл кедергілерді алып тастауға құлықсыздығын ашып айтты.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy