«Қазбиофармды» қайтарыңыз!

dep.jpg

Қазақстан Халық партиясының парламенттік фракциясының депутаттары «Қазбиофарм» холдингін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен Ғылым және жоғары білім министрлігіне қайтаруды ұсынады.

Бұл мәселені Мәжілістің жалпы отырысында ҚХП депутаты Ирина Смирнова көтерді. Ол COVID-19 пандемиясы кезінде құрылған «Қазбиофарм» холдингінің құрамына фармакология және фармацевтика саласындағы мемлекет үшін аса маңызды ғылыми-зерттеу құрылымдары кіретінін еске салды. Кезінде «Қазбиофарм» Білім министрлігінен Денсаулық сақтау министрлігіне берілген болатын. Бірақ қазір, мәжілісмендердің пікірінше, ғылыми базаны орнына қайтаратын кез келді.

– Біздің отандық ғылымның нақты дамуы үшін осы кәсіпорындарды алып кететін уақыт келген жоқ па? - деп сұрады Ирина Смирнова Ғылым және жоғары білім министрлігінің басшысы Саясат Нұрбекке.

Министр холдингтің негізін құраған ұйымдар мен ҒЗИ-лардың басым үлесі - бұл жұмысына қомақты қаржыландыру салынған министрліктің ведомстволық бағынысты институттары екенін мойындады.

– Бұл мәселені Үкімет деңгейінде талқылау керек, - деп мәлімдеді Саясат Нұрбек. - Сөйлесеміз, шешеміз...


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy