Азық-түлік бағасы партия бақылауында

ҚХП Шымкент қалалық филиалында «Азық-түлік бағасы және оның халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайына әсері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Талқылау барысында қатысушылар азық-түлік бағасының қымбаттауы және оның қарапайым тұрғындардың өміріне тигізетін әсеріне қатысты маңызды мәселелерді қозғады. ҚХП Орталық аппаратының өкілдері, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, кәсіпкерлер мен партия белсенділері жағдайды тұрақтандыру бойынша өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.

2

«Негізгі азық-түлік тауарларының қымбаттауы, әсіресе, табысы аз және табысы орташа отбасылардың өмір сүру деңгейінің төмендеуіне әкеп соқтырады. Көптеген тауардың бағасы халықтың табысына қарағанда тез өсіп, негізгі қажеттіліктерді қамтамасыз етуді қиындатады. Ал бұл әлеуметтік шиеленістің күшеюіне әкеледі», - деп атап өтті шараға қатысуышлар.

3

Партия мүшелерінің пікірінше, өндірушіден тұтынушыға дейінгі делдалдық тізбекте бағаның негізсіз қымббаттауының алдын алу үшін баға мен үстемелерді реттеудің тиімді жүйесін құру маңызды.

«Біздің шараның мақсаты – экономикалық тұрақсыздық жағдайында халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартудың кешенді шешімдерін әзірлеу», - деп атап өтті ҚХП өкілдері.

4

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша ұсыныстар әзірленді.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy