Балалар біздің болашағымыз!

ҚХП-дан сайланған Мәжіліс депутаттары сайлаушылармен кездесулерін жалғастыруда. Қазақстан Халық партиясы парламенттік фракциясының жетекшісі, Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов елордадағы №89 мектеп-лицейі мен Астанадағы №9 қалалық емханаға барды.

Депутат мектеп әкімшілігімен бірге оқу процесі мен жасөспірімдердің тәрбие жұмысына қатысты бірқатар мәселелерді талқылады.

1

«Мектепте арнайы инклюзивті білім беру кабинеттері бар екенін ерекше атап өткім келеді. Мүгедектігі бар мектеп оқушыларымен тьюторлар мен әлеуметтік қызметкерлер жұмыс істейді, олар ерекше балалардың сыныптастарымен араласуына қолдау көрсетеді», - деп атап өтті депутат.

2

3

Келесі кезекте депутат №9 қалалық емхана ұжымымен кездесті. Бұл Есіл ауданындағы 85 мыңнан астам азаматқа қызмет көрсететін жалғыз мемлекеттік емхана. Мұнда балалардың денсаулығына басымдық берілген. Емханада балаларды дамыту кабинеті белсенді жұмыс істейді, онда профилактика және ата-аналарды баланы ерте жастан тәрбиелеудің негізгі ережелеріне үйрету жұмыстары жүргізіледі.

4

«Біз заманауи медицинаның өзекті мәселелері, оны одан әрі дамыту және жалпы медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру жөнінде жан-жақты әңгімелестік», - деді Магеррам Магеррамов сапардан қорытындысы бойынша.

5

6


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy