Балалар, сірә, ауырмаса екен...

Қазақстан Халық партиясының парламенттік фракциясы Қазақстандағы балаларға паллиативтік көмек көрсету мәселелеріне арналған алқалы жиын өткізді. Іс-шараға мәжілісмендер, үкіметтік емес сектордың өкілдері, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметкерлері қатысты.

Қазір елімізде балаларға паллиативтік көмек көрсету жағдайы сын көтермейді, тіпті, іс жүзінде жоқ десе де болғандай. Сондай-ақ, көптеген мемлекеттік бағдарламаларға қарамастан, мұндай көмек үшін нақты медициналық стандарттар жоқ. Ата-аналарға және олардың науқас балаларына негізінен демеушілік қаражат есебінен үкіметтік емес ұйымдар көмек көрсетеді. Мұндай мақсаттарға мемлекеттік қаржыландыру көзделмеген.

– Бүгінгі кездесу - ауру балаларға уақытша жеңілдік беретін дәрілерге мемлекеттік қаражат бөлу мәселесін талқылауға мүмкіндік береді, - дейді Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова. – Сонымен қатар, бізге паллиативтік көмектің балаларға арналған арнаулы стандарттары қажет. Менің ойымша, біз бір-бірімізді ұғындық деп ойлаймын!

Қазақстандық паллиативтік көмек қауымдастығының президенті Гүлнара Қонирова пікірталастың бірқатар маңызды тұстарын атап өтті. Атап айтқанда, балалар стандарты ересектерден бөлек болуы тиіс. Балалар паллиативі бойынша Жол картасын түзету және ұзарту қажет, мұны мұқият тексеріп, көптеген нормативтік-құқықтық актілерге түзетулер енгізу қажет. Мемлекет пен қоғамдық ұйымдардың келісілген, жүйелі жұмысы болмаса, ауру балаларға қатысты уақытша жеңілдік беретін дәрі-дәрмек жүйесін құру мүмкін емес.

2

– Ведомствоаралық өзара іс-қимылдың нақты тетіктері мен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік үшін мүмкіндіктер қажет, - деп атап өтті ол. - Ең бастысы, процесс басталды және оны кері қайтару мүмкін болмайды.

Онкологиялық аурулармен ауыратын балаларды қолдау орталығының өкілі Әлия Қадырәлиеваның пікірінше, дәл қазір Қазақстанда «балалар паллиативінің жүйесі» шындап пайда болуда.

– Бұл күрделі процесс уақыт пен білімді, тәжірибе мен шыдамды жүйкені, ақша мен келіссөздерді, талқылаулар мен анықтауларды талап етеді - деді ол.

Жиын қорытындысы бойынша құзыретті органдарға жолданатын маңызды ұсыныстар нақтыланды.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy