Қазақстан Халық партиясының депутаты Ирина Смирнова әріптестерін асыранды балалардың кедейлікке ұшырауының алдын алуға және жеке оқу орындарына түсіністікпен қарауға шақырды.
Тәрбие және балалардың құқығын қорғау туралы заңнаманы қарау барысында мәжілісмен бүгінде асыранды отбасыларда балалардың болуы біршама сұрақтар туғызатынын атап өтті. Атап айтқанда, Смирнова Үкіметтің балаларды тәрбиелеу мен асырау үшін ұсынып отырған төлемдерін (тәрбилеушілердің айлық жалақысы 70 АЕК құрайды, оған қоса мемлекет әр баланы асырауға 10 АЕК бөледі) сынға алды.
«Бүгінде ата-анаға төленетін жалақы өте төмен. Ал балаларға төленуі тиіс төлемдер бұл балаларды кедейлікке ұшыратады», - деп атап өтті ол.
Екінші мәселе – қазақ қоғамындағы мемлекеттік және жекеменшік білімге деген көзқарастың екіге бөлінуі, әдетте екіншісіне қатсты теріс пікір көп. Смирнова мұны дұрыс емес деп санайды.
«Жекеменшік мектепке дейінгі білім беру орындары балаларды апаратын жер болмағанда, мемлекеттік ғимараттар сатылып кеткенде, балаларымыз балабақшасыз қалғанда орасан зор көмегін тигізді. Мұндай балабақшаларда балаға түсініксіз бағдарламалар бойынша сабақ береді дегенге сенбеймін», - деп атап өтті депутат.
Сонымен қатар, Смирнова балабақша ашып, мемлекеттік субсидия алу үшін кәсіпкер қаншама комиссиядан өтуі керек екенін атап өтті. Оған қоса бірнеше қосымша тексеру бар. Сондықтан жеке меншік иесіне өз бизнесін жауып тастаған арзанырақ әрі оңайырақ.
«Жекеменшік білім беру ұйымдарын бүінде басымдыққа ие болып отырған мемлекеттік ұйымдармен тең дәрежеде қолдау қажет. Біз білім беру процесінің барлық қатысушыларына өте мұқият болуымыз керек», - деп нақтылады ол.