Балалардың денсаулығы - баға жетпес байлығымыз!

dep.jpg

Қазақстан Халық партиясының депутаттары орфандық аурулары бар балаларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесін қайта көтеруде. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бұл мәселені бақылауда ұстауға уәде берді.

ҚХП парламенттік фракциясы бұған дейін Үкіметке жетім балаларды емдеуге арналған қымбат препараттар тізімін кеңейтуді өтінген болатын. ҚХП депутаты Гаухар Танашеваның айтуынша, қажетті дәрі-дәрмектердің толық тізімі 72 атаудан түрады. Мемлекет олардың тек 38-ін ғана төлеуге келісті.

– Біз орфандық ауруларды емдеу өте қымбат іс екенін түсінеміз, - деді Танашева. - Бірақ бұл біздің қазақстандық балаларымыз!

Ақмарал Әлназарова орфандық препараттарды сатып алуды қаржыландыруды «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қоры есебінен жүргізу жоспарланып отырғанын атап өтті. Сонымен қатар дәрілер республикалық және жергілікті бюджет есебінен сатып алынады.

– Тұтастай алғанда, орфандық аурулармен ауыратын пациенттерді препараттармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты дұрыс үйлестіру үшін, - деді министр, - Ана мен баланы қорғау орталығының жанынан Орфандық аурулар орталығы құрылады. Біз бұл мәселені іс жүзінде пысықтадық.

Сондай-ақ, Әлназарова сатып алу тізіміне ең алдымен клиникалық тиімділігі дәлелденген, сараптамалық қорытындысы және әлемде қолдану тәжірибесі бар препараттарды енгізу қажеттігін атап өтті.

– 34 атау бойынша тізім тағы да пысықталады, - деп нақтылады Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы. - Ол Республикалық бюджет комиссиясы арқылы өтуі тиіс. Бюджет қаражаты мен қосымша қаржыландырудың бар екеніне нақты көзіміз жеткен кезде бұл мәселелер шешілетін болады.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy