Қазақстан Халық партиясының Қызылорда облыстық филиалының өкілдері көпбалалы, тұрмысы төмен және әлеуметтік қорғалмаған отбасылардың балалары үшін керемет мереке ұйымдастырды. Шара «Қайырымдылық керуені» партиялық акциясы аясында өтті.
Қызылорда қаласының Талсуат ауылдық округінен 7-11 жас аралығындағы 100-ден астам бала жергілікті клубта led-экранда қазақ тілді мультипликациялық фильмдердің бағдарламасын көруге шақырылды. Олар үшін бұл қызықты оқиға болды. Көңілді және қуанышты сәттен соң балаларға тәтті сыйлықтар табыс етілді.
Шараны ұйымдастыруға кәсіпкер, облыстық мәслихаттың депутаты, ҚХП Қызылорда филиалының басшысы Қайрат Ерназаров бастамашы болды.