Бар жақсылық балаларға!

Қазақстан Халық партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты, «Жас орта» жастар қанатының жетекшісі Ислам Сұңқар жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барды. Сапар өңірдегі сайлаушылармен кездесу бағдарламасы аясында өтті.

Мәжілісмен Деріқұл ауылындағы №51 орта мектепке барып, өңірдегі мектеп директорларымен кездесу өткізді.

3

2

1500 орындық білім ошағы – №51 орта мектеп «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынып, өткен жылдың соңында пайдалануға берілді. Аумағы 15 мың шаршы метрден асатын ғимаратта төрт спорт залы, бірнеше шеберхана және коворкинг алаңдары, кітапхана, мәжіліс залдары бар және басқа да қолайлы жағдайлар жасаған.

1

«Жаңа мектеп ең заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Оқушылар үшін барлық жағдай жасалған!» - деді жиынға қатысушылар.

Сонымен қатар, Ислам Сұңқар жұмыс сапары барысында «Хаят» балабақшасына, №31 орта мектепке және «Асыл Мирас» аутизмі бар балаларды қолдау орталығына барды.

5

7

8

9

10

11

12


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy