«Тұтынушы банк берген несиені заңнаманы бұза отырып қайтаруы керек пе?». Бұл сұрақтың жауабын Қазақстан Халық партиясының Мәжіліс депутаты Ислам Сұңқар анықтады.
Банктер және банк қызметі туралы заңнамаға түзетулерді талқылау барысында мәжілісмен жаңа заң бойынша мерзімі, сомасы және өзге де шарттары нормативтік-құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін тұтынушылық несиелер мен қарыздар беруге банктің құқығы жоқ екенін атап өтті.
– Заң ережелерін бұза отырып несие берген банктер үшін қандай жауапкершілік көзделеді? - деп нақтылады Сұңқар. - Егер банк несиені заң бұзушылықпен берген болса, онда қарыз алушының несиесі кешірілуі мүмкін бе?
Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігінің басшысы Мәдина Әбілқасымова банк үшін тұтыну кредитінің ең жоғары сомасы- 5 млн теңге, ал микроқаржы ұйымы үшін - 3 млн теңге деп атады. Мөлшерлеме, шарт талаптары және т.б. бойынша белгілі бір талаптар бар.
– Заңнаманың кез келген талаптарын сақтамау қадағалау шараларына әкеп соғады, - деп атап өтті Әбілқасымова жауапкершілік туралы айта келіп. - Ал осы қадағалау шаралары орындалмаған жағдайда лицензияны тоқтату және қайтарып алу мәселесі туындауы мүмкін.
Агенттіктің жоспарында басқа нормаларды енгізу де бар, атап айтқанда, несиелер бойынша шарттар сақталмаған жағдайда кредитор бұл шарттарды қайта қарауға, оларды заңға сәйкес келтіруге және қарыз алушының қаржы ұйымының заңсыз, артық әрекеттері нәтижесінде жұмсалған шығындарын қарыз алушыға қайтаруға міндетті болады.