Басы артықтың бәрі - балаларға!

dep.jpg

Үкімет, прокуратураның пікіріне қарамастан, өнеркәсіптік кәсіпорынның орнында мектеп салуда ешқандай қателік көріп отырған жоқ. Осылайша, вице-премьер Роман Скляр Қазақстан Халық партиясы парламенттік фракциясының «Қазақ соқырлар қоғамы» ҚБ учаскесін алып қою туралы депутаттық сауалына жауап берді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Павлодар облысының әкімдігі Павлодар ауданының бірінде «Жайлы мектеп» салу үшін Ертіс жағалауындағы су көлігінің бірегей, еліміздегі жалғыз кеме жөндеу зауытын бұзуға кіргізген болатын. Зауыт сақталды, биліктің заңсыз әрекеттері тоқтатылды. Енді павлодарлық шенеуніктер неғұрлым қорғансыз қарсыласты тауып алып, «Қазақ соқырлар қоғамы» ҚБ («ҚСҚ» ҚБ) тиесілі зағиптар мен нашар көретіндерге арналған оқу-өндірістік кәсіпорнынан құрылыс салуға арналған учаскені тартып алуға тырысуда.

ҚХП депутаттары алдымен кеме жөндеу зауытын қорғап, сосын зағиптарға арналған ОӨК-ны қолдап жатыр.

– Облыс әкімдігі ОӨК-ның жай ғана аумақ емес екенін толығымен елемеді, - деді Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова депутаттық сауалында. - Бұл мүгедектігі бар адамдардың мүмкіндіктеріне бейімделген ұйымдардың тұтас кешені!

Облыстық прокуратура әкімдік атына ұсыныс жасап, жер учаскесін иеліктен шығару туралы қаулының және құрылыс жобасының күшін жоюды ұсынды.

– «ҚСҚ» ҚБ аумағы өнеркәсіптік (өндірістік) аймақ болып табылады, ол өнеркәсіптік кәсіпорындар мен олардың кешендерін, басқа да өндірістік, коммуналдық және қойма нысандарын орналастыруға арналған, - деп хабарлады облыс прокуроры Берік Жүйріктаев. - Демек, аталған аумақта білім беру объектілерін салуға жол берілмейді. Ал вице-премьер Роман Скляр, неге екені белгісіз, жағдай басқаша деп есептейді.

– Қазіргі уақытта Павлодар қаласының Усольск шағын ауданында 1243 орын жетіспейді, - деп жауап берді Скляр ҚХП депутаттарына. - Осыған байланысты, Павлодар қаласының әкімдігі 1200 орындық жайлы мектеп салу үшін құрылыс жобасын әзірледі.

Неге шенеуніктер міндетті түрде дайын кәсіпорынды, жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды бұзуға құмар екені жұмбақ болып тұр? Бұл ретте оларды Ертіс жағалауын (қазіргі су тасқыны көрсеткендей, өте қауіпті жерді ) балаларға мектеп ретінде беру де алаңдатпай отыр ма?. Ал қалада ешқандай да бос жерге деген тапшылық жоқ.

– Вице-премьер бұл сұраққа қаншалықты «жұмсақ» қарады, - деді Ирина Смирнова Склярдың жауабына мысқылмен. – Сонда оқушыларға мектеп салуынуы керек екенін сол ғана қолдайды да, басқалар қарсы ма? Алайда, біз де, осы депутаттық сауалдың авторлары, мектеп құрылысын және оқушылардың орнын ұлғайтуды қос қолдап қолдаймыз. Бірақ балалар білім алатын мектептер өндірістік аймақтарда, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдар үшін қолайлы инфрақұрылымды қиратып барып салынбауы керек!


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy