Басты мақсат – азаматтарды толғандырған мәселелерді шешу

Алматы облысы Іле ауданында Қазақстан Халық партиясының филиалының салтанатты ашылуы өтті. Өкілдіктің төрағасы болып Іле аудандық мәслихатына ҚХП атынан сайланған депутат, партияның белсенді мүшесі Денис Котелевский тағайындалды.

1

Ашылу салтанатына партияның Орталық аппаратының, ҚХП Алматы облыстық филиалының өкілдері, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, аудан белсенділері мен тұрғындары қатысты. Шара аясында партия қатарына жаңадан қосылған азаматтарға партия билеті табысталды.

2

3

– Қазақстан Халық партиясының қатарына блогерлер, журналистер, кәсіпкерлер мен жұмысшылар қосылып жатыр. Қазақстан Халыщ партиясы аудандық филиалдары арқылы халықпен тұрақты байланыста болуды мақсат етіп отыр. Себебі, партия мүшелері азаматтардың өтініштері мен мәселелерін шешуді басты басымдықтардың бірі деп санайды, – деді Орталық аппарат өкілдері.

4

5


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy