Басты тақырып – балалар мерекесі!

Қазақстан Халық партиясы Балаларды қорғау күнін халықтың әлеуметтік осал топтарындағы балалар үшін көңілді мерекеге айналдыратын жақсы дәстүр қалыптастырған. Биыл да осы дәстүр жалғасын тапты.

ҚХП Қызылорда облыстық филиалының өкілдері жергілікті Жастар үйінің балалары үшін «Біз - бақытты баламыз!»атты мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Жиында Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің төрайымы Айгүл Мұсабаева құрметті қонақ болды. Мекеменің тәрбиеленушілері үшін ойын эстафеталары мен жылдам сурет салу жарыстары ұйымдастырылып, жеңімпаздарға тәтті сыйлықтар табысталды.

3

Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының белсенділері, мәслихат депутаттары мен аудан әкімдері «Аналар үйінің» сәбилерін құттықтады. Барлық балалар түрлі ойыншықтармен қоса, қалалық аттракциондар паркіне сыйлық сертификаттарын алды.

5

6

ҚХП Қостанай облыстық филиалының Арқалық қалалық өкілдігінің басшысы Жанна Қайырбекова белсенділер тобымен бірге жергілікті жатақханада тұратын 17 әлеуметтік қорғалмаған отбасында болып, олардың балаларын құттықтады. Балаларға тәтті сыйлықтар тарту етілді.

1

Ал ҚХП Ақмола облыстық филиалының өкілдері «Шанс» кәмелетке толмағандарға әлеуметтік-психологиялық құқықтық қолдау көрсету орталығының тәрбиеленушілеріне барып қайтты. Партиялықтар балалар үшін көңілді ойын-сауық бағдарламасын дайындап, мерекеге қатысушылардың ешқайсысын сыйлықсыз қалдырған жоқ.

7

– Әрбір балаға айрықша көңіл бөлініп, мейірімділік пен сүйіспеншіліктің шуағына шомылуы тиіс, - деп атап өтті ҚХП облыстық филиалы төрағасының міндетін атқарушы Арман Тастамбеков.

Қазақстан Халық партиясы алдағы жылы да Балаларды қорғау күнін мерекелеу дәстүрін жалғастыруға ниетті.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy