Батырлар рухына тағызым

Қазақстан Халық партиясы Алматы қалалық филиалының өкілдері мен белсенділері Корея тәуелсіздігі үшін күрескендерді еске алу күніне 85 жыл толуына арналған мерекелік концертке қатысты.

Аталған шараны Мемлекеттік республикалық корей музыкалық комедия театры Корея Республикасының Алматыдағы Бас консулдығы және Патриоттар мен ардагерлер істері агенттігінің қолдауымен ұйымдастырды. Олар қазіргі Кореяның өркендеуі мен ілгерілеуі жолында күрескен батырларды еске алу мақсатында құрметті қонақтардың басын қосты.

1

«Батырларды еске алу және тарихқа құрмет біздің халықтарды біріктіре түседі. Қазақстан Халық партиясы ұйымдастырушыларға осынау айтулы оқиғаның бір бөлігі болып, Кореяның азаттығы мен бірлігі жолында күрескен жандарға құрмет көрсетуге және ұлт қаһармандарын дәріптеу дәстүрін қолдауға мүмкіндік бергені үшін зор алғысын білдіреді», - деді партия өкілдері.

2


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy