Батыс Қазақстан облысындағы саяси партиялардың филиалдары волейбол алаңында бәсеге түсті. Өңірде Республика күні қарсаңында волейболдан жолдастық кездесу өтті.
«Бұл спорттық шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, сонымен қатар партиялар арасындағы ынтымақтастық пен қарым-қатынасты нығайту», - деп атап өтті жарысты ұйымдастырушылар.
Жарыс қорытындысы бойынша «Ауыл» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы командасы бірінші орын, ҚХП-ның жергілікті филиалының командасы екінші, ал олардың аманаттық әріптестері үшінші орынды иеленді. «Ақ жол» ХДП атынан қатысқан волейболшылар ынталандыру сыйлығымен марапатталды.